АҚШ-та үш баланың анасы ұсталды»: Қазақстан СІМ ақпаратты тексеріп жатыр
Әлеуметтік желілерде АҚШ-та қазақстандық әйелді ICE қызметкерлері ұстағаны туралы ақпарат тарады. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі бұл деректі тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Instagram әлеуметтік желісінің salty_sssalt есімді қолданушысы АҚШ-та қазақстандық әйелдің ұсталғаны туралы жазба жариялады.
"12 қыркүйекте біздің құрбымызды, үш баланың анасын ICE ұстады", - делінген жарияланымда.
Жазбада оның не себепті ұсталғаны туралы қандай да бір егжей-тегжейлі мәлімет жоқ.
ICE сайтының мәліметінше, АҚШ-тың көші-қон және кедендік қызметі (ICE) иммиграциялық заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ олардың жұмысы адамдар мен тауарлардың заңсыз тасымалына қарсы күреске және терроризмнің алдын алуға бағытталған. Мекеме АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігіне тікелей бағынады әрі көбіне АҚШ-тың Кеден және шекара қызметімен (CBP) бірлесіп жұмыс істейді.
Қаз
Рус






