Елімізде әскери борышын өтемегендерге әскери билет беру тоқтатылмақ
1 923
Қорғаныс министрінің орынбасары Қазақстанда мерзімді әскерге шақырылатындарды тіркеу туралы куәлік пен борышын өтемеген адамдарға әскери билет берудің күші жойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Еске салсақ, бұған дейін елімізде әскери билет, тіркеу куәлігі бойынша оларды цифрлық құжатқа көшіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны хабарланған болатын.
Жақын арада міндетті әскери есепке алудың күшін жою және әскери есептен шығару процестері басталады. Тұрғылықты жері өзгерген кезде әскери қызметке міндеттілер мен әскерге шақырылушыны әскери есепке қою және әскери есептен шығару тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеумен ЖӘБО-ға бармай-ақ автоматты режимде жүргізілетін болады. Сондай-ақ әскерге шақырылушыларды тіркеу туралы куәліктер мен әскери билеттерді әскери борышын өтемеген адамдарға берудің күшін жою процестері басталады. Әскери билеттер тек әскери борышын өтегендерге ғана беріледі, – дейді Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.
Еске салсақ, бұған дейін елімізде әскери билет, тіркеу куәлігі бойынша оларды цифрлық құжатқа көшіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны хабарланған болатын.