Қызылорда қаласында жол жөндеу жұмыстары басталды

88
Қызылорда қаласында жол жөндеу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.


Көлік инфрақұрылымын дамыту мемлекеттің экономикалық әлеуетіне әсер ететін негізгі құрамдас бөліктердің бірі болып табылады. Тиімді көлік инфрақұрылымы өндірістік процестерді жеделдетіп қана қоймай, аймақішілік ынтымақтастықты нығайтады, сонымен қатар халықтың қолайлы өмір сүру ортасы үшін аймақтық және қалалық инфрақұрылымның жүйелі дамуына ықпал етеді.

Биыл Қызылорда қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында 231 көшеге жол жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған. Осы мақсатта бюджеттің барлық түрлері мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы жалпы соммасы 10 млрд. 246 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, жол жөндеу жұмыстары «Саяхат», «Бәйтерек» тұрғын аудандарында басталды. 

Айта кету керек, «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында  Қызылжарма, Ақсуат, Қарауылтөбе, Қосшыңырау, Талсуат, Қызылөзек ауылдық округтерінен барлығы 46 көшеге, Ұлттық қордан бөлінген қаржыға Қарауылтөбе ауылдық округіне қарасты кіре беріс жолдың бойында орналасқан жаңа қоныс аумағына, Қызылорда қаласы - Жезқазған тас жолының бойындағы 150 га жерге, Қызылорда қаласының Сарысу көшесі бойындағы Шорғазы тұйығына және кенттер мен ауылдық округтердің 26 көшесіне қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізіледі.

Бұдан бөлек, Қызылорда қаласы мен оған қарасты кент және ауылдық округтердегі 106 көшеге облыстық бюджеттен орташа жол жөндеуге 1 752,6 млн.теңге қаралып, Қызылорда қаласы бойынша 76 көшеге, Бөлкөл кенті бойынша 6 көшеге, Тасбөгет кенті бойынша 14 көшеге және Сабалақ саяжайына 10 көшеге асфальт төселінбек.

Өз кезегінде қабылданып жатқан шаралармен қатар, облыстың тасымалдау саласын одан әрі жетілдіруді талап ететін жүйелі мәселелер сақталуда. Осыған орай, ағымдағы жылы басқарманың қызметі экономикалық өсімді қамтамасыз етуге және облыс тұрғындарының өмір сүру деңгейін жоғарылатуға бағытталатын болады.