Жүргізуші куәлігінен айырылғандарға рақымшылық бар ма?

1 527

фото: "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚДепутат Бақытжан Базарбек үкімет кулуарында жүргізуші куәлігінен айырылғандарға әкімшілік рақымшылық жасау қаншалықты мүмкін екенін айтты,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

Журналистер Қазақстанда ел тарихында алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалайын деп жатқанын атап өткен. Тілшілер түрлі себеппен жүргізуші куәлігінен айырылғандарға бұл шараның қаншалықты әсер ететінін сұраған.

"Таяқтың екі ұшы бар. Бір жағынан, жүргізуші куәлігінен айырылған, өздерін жәбірленуші санайтын адамдар бар. Бірақ біз бұл адамдар мас күйде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылғанын ұмытпауымыз керек.
Ертең балаларыңыз, туыстарыңыз жаяу жүргінші болып, ал сол жүргізушілер қайтадан рульге отыруы мүмкін. Бұл – үлкен қауіп. Қазіргі уақытта біз оны талқылап жатырмыз. Жүргізуші куәлігі жоқ жүргізушілер мәселесі осы әкімшілік рақымшылық аясында шешіледі деп айта алмаймын. Менің ұстанымым – мен бұған қарсымын. Ондай адамдар көп болса да", - деп пікір білдірді Бақытжан Базарбек.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.