Жүргізуші куәлігінен айырылғандарға рақымшылық бар ма?
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Депутат Бақытжан Базарбек үкімет кулуарында жүргізуші куәлігінен айырылғандарға әкімшілік рақымшылық жасау қаншалықты мүмкін екенін айтты,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.
Журналистер Қазақстанда ел тарихында алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалайын деп жатқанын атап өткен. Тілшілер түрлі себеппен жүргізуші куәлігінен айырылғандарға бұл шараның қаншалықты әсер ететінін сұраған.
Ертең балаларыңыз, туыстарыңыз жаяу жүргінші болып, ал сол жүргізушілер қайтадан рульге отыруы мүмкін. Бұл – үлкен қауіп. Қазіргі уақытта біз оны талқылап жатырмыз. Жүргізуші куәлігі жоқ жүргізушілер мәселесі осы әкімшілік рақымшылық аясында шешіледі деп айта алмаймын. Менің ұстанымым – мен бұған қарсымын. Ондай адамдар көп болса да", - деп пікір білдірді Бақытжан Базарбек.
Қаз
Рус






