Түркістандық бір топ жас алты баланың анасына үй салып берді

347

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан скриншотТүркістандық жастар Қасиетті Рамазан айында 6 перзенттің анасы Нұргүл Әлібаеваға 4 бөлмелі үйдің кілтін табыс етті.

Көпбалалы ана бірнеше жылдан бері пәтер жалдап күнелтіп келген. 

2017 жылы күйеуі өмірден өткен жалғызбасты ана Ерғазы, Ерасыл, Ералы, Ербұлан, Ерсұлтан және Қарақат есімді ұл-қызды тәрбиелеп отыр.

Өз кезегінде қайырымды істің шарапатын көрген Нұргүл Жұмабайқызы жақсылыққа жаны құмар жандарға алғысын білдірді 

"Құрылыс жұмыстарын түгелдей өзіміз жүргіздік. Ақылдаса келе жаңа үйді көпбалалы анаға сыйлауды жөн санадық. Баспаналы болып, төбесі көкке екі елі жетпей тұрған отбасы мүшелерінің жүзіндегі қуанышты көріп, марқайып қалдық. Көпшілікпен жиналған қаражатқа үйді заман талабына сай етіп тұрғыздық. Атсалысқан барлық азаматтарға, демеушілерге Алла разы болсын", — деді ұйымдастырушылардың бірі Жалғас Сабыров. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.