7-сынып оқушысын зорлады деген 7 жасөспірім анықталды

1 458

Фото: Getty ImagesБала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы облысында кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған жыныстық сипаттағы зорлық әрекетіне қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«Жеті кәмелетке толмаған бала анықталды. Тергеу жүріп жатыр. Өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл мен психологиялық қолдау орталығының мамандары дүйсенбіден бері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр», – деді Зәкиева.

Еске сала кетсек, Алматы облысының Жамбыл ауданында бірнеше мектеп оқушысының жетінші сынып оқушысына азғындық жасау фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланған болатын.

Келеңсіз оқиға 2025 жылдың 21 қыркүйегінде демалыс күні мектеп аумағынан тыс жеке үйде болған

Оқушылар арасында болған келеңсіз оқиғаны ең алғаш білген мектеп директоры дабыл қағып, құқық қорғау органдарына хабарлаған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.