Шымкентте шыны конструкцияларын өндіретін «Авангард» зауыты ашылады
321
Биыл шыныдан шыны конструкцияларын өндіретін жаңадан «Авангард» зауыты ашылады. Жалпы құны 5 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба аяқталғанда 50 жаңа жұмыс орны құрылады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
«Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан Орталық Азияда теңдесі жоқ алюминді банкілер шығаратын
«KazALPack» ЖШС-ның көлемі 6 гектар. Инвестициялық жобаның құны – 23,4 млрд. теңге. Жылына 500 млн қақпағы бар банкі шығаруға қауқарлы кәсіпорын 157 адамды жұмыспен қамтып отыр. 80 пайыз ішкі нарыққа, 20 пайыз сыртқы нарыққа шығарылады. Өткен айда техникалық пайдалануға берілді. Өндірілген өнім елге келген импорттың 60 пайызын алмастырады.
«ЖҰЛДЫЗ» индустриалды аймағы 306 гектар көлемінде. Мұнда инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жүргізілуде.
Индустриялы аймақта машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы салаларында 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. 200 млрд. теңгеден астам қаржыға 50-ден астам ірі инвестициялық жоба іске аспақ. Қазіргі таңда 100 млрд. теңге тұратын 17 жобаға жер телімдері бөлінді.