8 жасар бала полиэтилен пакетін парашют қылып бесінші қабаттан секіріп кеткен

432

Жетісу облысында 8 жасар бала бесінші қабаттан секіріп кетті, - деп хабарлайды “Opennews.kz” ақпарат агенттігі. 



Оқиға 25 сәуірде сағат 12:20-да Текелі қаласында болды. Үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2015 жылы туған бала бесінші қабаттың терезесінен парашют түрінде полиэтилен пакетін пайдаланып секіргені белгілі болды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты. Ол Талдықорған қаласының облыстық ауруханасына жатқызылды.


«Белгілі болғандай, ағашқа құлаған. Аман қалуына ағаштың да септігі тиген деп ойлаймыз.
Жетісу облысы ТЖД азаматтардан балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға, сондай-ақ балаларды терезені ашудан арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатуға шақырады»,- делінген Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.