Ер адам 10 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталды

1 472

Фото: видеодан скриншотОралда полиция 10 жастағы қызға шабуыл жасады деген күдікпен ер адамды ұстап, қамауға алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алдын ала ақпаратқа сенсек, күдікті оқушы қызды орманды алқапқа сүйреп кіргізіп, қылқындырып кейін зорлаған. Оқиға мектептен жүз метр қашықтықта болған. Кеше полиция сол маңнан айғақ заттарды іздеуге кірісті. Бұл жағдай қала тұрғындарын дүрліктіріп қойды. Енді жұрт балаларын қараусыз жіберуге қорқып отыр.

Болған жағдайға қатысты полиция депратаментінің басшысы пікір білдірді. Десе де ведомство нақты қай бап бойынша іс қозғалғанын әзірге жария етпеді.

“Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағанға қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен ер адамды ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Балаларға қарсы жасалған қылмыстар ерекше бақылауда болады және барынша қатаң түрде тоқтатылады деп баса айтқым келеді”, – деді Батыс Қазақстан полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.