Депутаттар балаларды 12 жастан қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды
Премьер-Министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында Қазақстанда қылмыстық жауапқа тарту жасы төмендетілмейтінін мәлімдеді, – деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Мәжілістің бір топ депутаты балаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту жасын 14 жастан 12 жасқа дейін төмендетуді ұсынған. Үкімет бұл ұсынысты қолдаған жоқ.
Үкімет басшысы әлемдік тәжірибені мысалға келтіріп, Германия, Жапония, Ресей, Финляндия және Ұлыбритания елдерінде қылмыстық жауапкершілік 14-15 жастан басталатынын жеткізді.
Қаз
Рус






