Қарағанды шахтасында газ атылып, 4 адам қаза тапты
209
Қарағанды облысындағы шахтада газ атылып, төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлметінше, 3 қарашада таңғы сағат 3.00 шамасында Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада («Арселор Миттал Теміртау» АҚ) жарылыс болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға орнынан 106 жұмысшы эвакуацияланған.
ТЖМ өкілінің айтуынша, апатты тергеп-тексеру үшін комиссия құрылуда, оның қорытындысы бойынша апаттың себептері мен мән-жайы анықталатын болады.
Оқиға орнында облыс әкімі, қала басшысы және компания жетекшілері, «Көмір» ӘҚҚҚ авариялық-құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр.

«Газ бұрғылау ұңғымаларын бұрғылау кезінде кенеттен газ атқылап, 4 жұмысшы қаза тапты. Тағы бір жұмысшыны іздеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ төрт адам ауруханаға жатқызылды», - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.