Қалада пилоттық ауыл шаруашылығы санағы өткізіледі
Бұл туралы баспасөз орталығында өткен брифингте «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Гүлмира Ибраева айтып өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі өкіміне және Үкіметтің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 1248 қаулысына сәйкес, Қазақстанда ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, шаруа қожалықтарының, қалалар мен ауылдардағы жеке қосалқы шаруашылықтардың, сондай-ақ бау-бақша және саяжай кооперативтерінің толық санағы жүргізіледі. Санақ 2025 жылдың 1 тамызынан 20 қазанына дейін 2 кезеңде, атап айтқанда, интернет арқылы онлайн режимде арнайы сайтта және респонденттер арасында сауалнама жүргізу арқылы өтетін болады.
Пилоттық санақ үш кезеңмен өткізіледі: дайындық, негізгі және қорытынды. Дайындық кезеңінде қолда бар деректерді нақтылау үшін қызметкерлер қалалық жердің әрбір елді мекенінің аумағын тіркеу учаскелеріне бөледі. Пилоттық санақтың негізгі кезеңі «sanaq. gov.kz» мамандандырылған сайтында онлайн режимде интернет желісі арқылы және қызметкерлердің респондеттерден сұрау салуы арқылы планшеттерді немесе қағаз жеткізгішті пайдаланумен жүргізіледі. Соңғы кезеңде пилоттық санақтың алдын ала және негізгі кезеңдерінің қорытындылары бойынша талдау жүргізіледі.