Қызылордада жанармай құйылған цистерна өртенді

263

Фото: ТЖД Қызылорда облысы Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентінде мұнай базасы аумағында жанармайы бар цистерна өртенді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Аталған оқиға бүгін, 16 қыркүйекте сағат 13.16- да Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентіндегі мұнай базасында болған.


«Мұнай базасының аумағындағы теміржолда тұрған жанармай қалдығы бар цистерна өртенді. Жергілікті серіктестіктің біріне тиесілі цистернаның сыйымдылығы 65 тоннаны құрайды. Төтенше жағдайлар саласы мамандарының күшімен өрт 13.35-те сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.


Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда қаласында кәріз станциясында екі жұмысшы уланып көз жұмды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.