Ақтауда бір дөңгелегі жоқ автобус жолаушыларды тасымалдаған (ВИДЕО)

243
Ақтауда артқы бір дөңгелексіз жүрген №104 автобус қала тұрғындарының назарын аударды. Видеосы желіде тарады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Бір дөңгелегі жоқ автобустың жолаушыларды тасымалдаған сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.

Полиция департаменті жүргізушінің жеке тұлғасы анықталғанын хабарлады. Көлікті пайдалану ережесін бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің 590-бабының 10-бөлігі бойынша оған қатысты хаттама толтырылды. Бұл құқықбұзушылық үшін 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 61 260 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған, деп жазды.

Техникалық ақауы бар автобусты пайдаланғаны үшін жауапты тұлғаларға ҚР ӘҚК 617-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылады.

Бұл жаза лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 10, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 20, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды қарастырады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.