Белгісіз біреулер мұсылман бейіттерін бүлдірді

1 545

Фото: info-islam.ruАтырау облысында Еркінқала ауылы маңындағы мұсылман зиратында вандализм фактісі тіркелді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, белгісіз адамдар бірнеше бейіттегі жарты ай бейнесін сындырған. Кейбір қабірлерде мұсылмандық белгі толық жұлынып тасталса, енді бірінде жартылай бүлінгені байқалады. 

Оқиғаға байланысты Атырау облысы полиция департаменті түсініктеме берді.

«Еркінқала ауылы маңындағы зираттарды бүлдіруге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеу нәтижесі кейін хабарланады», — деп мәлімдеді ведомство.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.