Алматы қаласында көшеде түкіргендерді жауапқа тартуда
Алматы қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев тұрғындардан қоғамдық тәртіпті бұзған, ластағаны туралы фото, видеоларды 102 қосымшасы арқылы жіберуге шақырды деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, биыл 7 айда қаланы абаттандыру ережелерін бұзған 17 152 дерек, қоғамдық орында ішімдік ішкен11 481 дерек, тыныштықты бұзған 5 494 дерек, тыйым салынған жерде темекі шеккен 3 077 дерек тіркелді. Сондай-ақ 505 заңбұзушылық анықталды.
Қаз
Рус






