"Қазақстандықтар жалақыларының аздығынан тойып тамақ ішпейді" - статистика

292

Статистика бойынша жалақының мардымсыздығынан қазақстандықтар тойып тамақ іше алмайтыны белгілі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.


Ұлттық статистика бюросы өмір сүру сапасына байланысты тұрғындар арасында сауалнама жүргізген. Мамандар респонденттерден олардың табысы мен шығыны, қазіргі қаржылық жағдайы туралы сұраған.


Сауалнама нәтижесінде халықтың 6,6%-ның ең болмағанда 2 күнде 1 рет ет жеуге мүмкіндігі жоқ екен. Сәйкесінше балық, ет, тауық еті немесе жаңғақ, бұршақ пен ақуызға толы пайдалы тағамдарды тұтынбайды.


Сондай-ақ, тұрғындардың 95,7%-ы пайдалы ас ішпейтінін айтқан. Ал азаматтарымыздың 22,5%-ы күтпеген немесе жоспардан тыс шығындарды өтей алмайды. Сондықтан қаржылық көмек ретінде несие алуға мәжбүр. Ал тұрғындардың 27,6%-ы ең болмағанда бір аптаға да жыл сайынғы еңбек демалысына шыға алмайды екен. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.