Мас жолаушы автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған

1 539

Фото: Видеодан скриншотТаразда ішімдікке сылқия тойып алған жолаушы автобустың жүргізушісіне пышақ ала жүгіріп, оны жаралаған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі  Stan.kz порталына сілтеме жасап. 

Оқиға болған сәтте түсірілген видео Aulieata media парақшасында жарияланған.

Куәгерлердің айтуынша, мас жолаушы автобустың жұмыс уақыты аяқталғанына қарамастан, жүргізушіден автобусты тоқтатпай, жүргізуін талап еткен. Олардың арасында жанжал туындап, кейін төбелеске ұласқан. Төбелес барысында 40 жастағы ер адам 59 жастағы автобус жүргізушісін пышақпен жарақаттаған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жеткен.

“Күдікті бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаменті.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Зардап шеккен адамның жағдайы әзірге белгісіз.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.