Павлодарда екі оқушы қызға зорлық көрсетті деген күдіктілер ұсталды

1 516

Фото: depositphotos

Павлодарда екі кәмелетке толмаған оқушы қызға жыныстық зорлық жасалуы мүмкін деген дерек бойынша екі қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды, - деп хабарлайды   Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Заңсыз әрекеттер туралы қаладағы мектептердің бірінде белгілі болған. Мектеп психологы оқушылармен жеке әңгімелесу барысында оларға қатысты зорлық жасалуы мүмкін екенін анықтаған. Осыдан кейін білім беру мекемесінің әкімшілігі қыздардың заңды өкілдеріне хабар беріп, жиналған мәліметтерді бірден құқық қорғау органдарына жолдаған.

«Мектеп әкімшілігі қолданыстағы заңнамаға және белгіленген тәртіпке сәйкес қажетті шараларды қабылдады. Оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау ұйымдастырылды», – деп мәлімдеді облыстық білім басқармасы.

Полиция өкілдері күдіктілердің анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын растады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары кәмелетке толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында өзге ақпарат жария етілмейтінін ескертті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.