Шымкентте мақта өңдейтін цех өртеніп кетті

272

Өрт бір қабатты ғимаратты түгелге жуық шарпыған деп хабарлады Opennews.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Әл-Фараби ауданы Орманов көшесі бойында орналасқан «Казахское общество слепых» қоғамдық бірлестігінің Шымкент оқу-өндірістік кәсіпорнына қарасты бір қабатты ғимараттағы мақта және ағаш сөрелері жанған. Ал мақтаның қалдықтары ғимарат ішінде күйіп кетпеуі үшін көшеге шығарылған.


«Өрт сағат 16.26-да оқшауланып, сағат 17.12-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге 5 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 53 адам, Аппаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері жұмылдырылды», – делінген Шымкент қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.