120 пайыздық несие: Жасырын несие беруші сотталды

1 511

Фото:©Бейнебаяннан алынған кадрҚостанай соты заңсыз микроқаржылық қызмет және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру ісі бойынша үкім шығарды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

 Жергілікті тұрғын тиісті лицензиясыз мүлік кепілімен қарыз беріп келген, ал қылмыстық табыс көлемі 1 миллиард теңгеден асқан. Тергеу ер адам клиенттерді интернеттегі хабарландырулар арқылы тартқанын анықтаған.

"Азаматтардың ауыр материалдық жағдайын және екінші деңгейлі банктерден несие ала алмайтынын пайдаланып, ол жылдық 120 пайызға дейінгі жоғары мөлшерлемемен қарыз беріп отырған. Бұл ретте нотариалды куәландырылған келісімшарттарда қарыз сомасы асыра көрсетілген, өйткені оған пайыздар, ресімдеу шығындары және өзге де төлемдер алдын ала қосылған", - деп мәлімдеді ҚМА.

Іс материалдарында жәбірленушілердің біріне қатысты мысал келтірілген. Іс жүзінде ол 9 миллион теңге алған, алайда келісімшартта 14 миллион теңге деп көрсетілген. Кейіннен тағы бір келісімшарт ресімделіп, онда 18 миллион теңгелік міндеттеме қарастырылған, бірақ әйелге ол бойынша ақша берілмеген. Кейіннен сот жәбірленушіден 26 миллион теңге өндіріп алған. ҚМА мәліметінше, нәтижесінде 50-ден астам азамат әдейі тиімсіз шарттармен қарыздық міндеттемелерге тартылған. Қылмыстық табыс сомасы миллиард теңгеден асқан.

Сот үкімімен ер адамға 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сонымен қатар сот қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркіледі: оның ішінде төрт пәтер, екі жер учаскесі, сондай-ақ Mercedes-Benz G500, Dodge RAM 1500 және Hyundai Santa Fe автокөліктері бар.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.