Қызылшадан 6 айлық нәресте көз жұмды

1 615

Соңғы үш тәулікте Өскеменде 92 адам қызылша жұқтырған, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оның 90 пайызы вирусқа қарсы екпе алмағандар. Елде 20 мыңнан астам адам қызылша жұқтырды. Жалпы елімізде жыл басынан бері 20 мыңнан астам адам қызылша жұқтырған. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының өкілдері осындай мәлімет таратты.


Медицина мамандарының айтуынша, эпид ахуал өте күрделі. Санитарлық дәрігерлер күн сайын елде вирус жұқтырудың 350 жағдайын тіркейді.Көбіне қызылша 14 жасқа дейінгі балаларға үйір келетін көрінеді. Қызылша Қырғыз елін де діңкелетіп тұр.


Онда вирустың екінші толқыны басталды. Індеттің таралуы Бішкек, Жалал-Абад және Шу облыстарында жиілеген. Жыл басынан бері бұл елде қызылша жұқтырудың 5 мыңнан астам дерегі тіркелген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.