Ақтөбеде есірткі тасымалдаған деструктивті діни ағымның өкілдері ұсталды

460
Ақтөбе қаласында деструктивті діни ағымның өкілдері есірткімен ұсталды,  - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, 15 сәуір күні түнгі сағат 01:50-де патрульдік полиция Жиенбаев көшесінде жол ережесін бұзған "Ваз-2114" автокөлігін тоқтатқан. Салонда тағы екі жолаушы болды.

"37 жастағы көлік жүргізуші мен жолаушылардың мінез-құлқы біртүрлі болып көрді. Тәртіп сақшылары күдіктеніп, тексеріс өткізді. Сол кезде көлік жүргізушісінен газетке оралған 6, ал жолаушылардың бірінен "марихуананың" 15 пакет тәркіленді. Есірткінің жалпы салмағы 800 грамм", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-бөлігі ( Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Ұсталған үш адам деструктивті діни ағым ұстанушылары болып шықты. Екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетері, осы қылмыс үшін бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Кінәлі адамдардың мүлкі тәркіленеді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.