Шетелдік автокөліктерді заңдастыру тәртібі
351
Ішкі істер министрлігі шетелдік көліктерді заңдастыру жайлы нақты ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысымен 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтпеген шетелдік автокөліктерді алғашқы тіркегені үшін 200 мың теңге мөлшерінде біржолғы алым төлей отырып, жария етуді жүргізу міндеті қойылды.
Аталған тапсырманы іске асыру мақсатында заңдастыруға жататын автокөлікті бастапқы тіркегені үшін 200 мың теңге мөлшерінде алым төлеуді көздейтін «салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне түзетулер әзірленді.
Бір мезгілде заңдастырылатын автокөліктер үшін кәдеге жарату төлемінің күшін жою бөлігінде Экологиялық кодекске түзетулер енгізілді. Қазіргі уақытта тиісті түзетулер Парламент Сенатында қаралуда.
Бұдан басқа, ІІМ Қазақстан Республикасына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтпеген көлік құралдарын тіркеу тәртібін айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.
Аталған жоба ағымдағы жылдың 29 қарашасында жария талқылау рәсімінен өту үшін ІІМ-нің ресми сайтында орналастырылды.