Елімізде кедейлік деңгейі өсті

124

Фото: https://vsdelke.ru/bogatstvo/10-osnovnyx-prichin-bednosti.htmlҚазақстанда кедейлік деңгейі өсті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

2022 жылдың екінші жартысында кедейлік деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 0,2%-ға өскен.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті. Кедейлік деңгейі жоғары өңірлер қатарында Түркістан облысы(10,4%), Маңғыстау облысы (7,4%) және  Жетысу (6,4%) облыстары көш бастап тұр.

Алматыдағы кедейлік деңгейі 4,4%.-ға тең. 

Кедейлік деңгейі – бұл күнкөріс минимумына жетпейтін кірісі бар адамдар санымен өлшенеді. 2022 жылы күнкөрістің шекті мөлшері  — 34 302 теңге.

Қостанай облысында бұл көрсеткіш – 4,7%, БҚО-да – 4,2%, Қызылордада – 4,8%. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.