Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адам зардап шекті
410
Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, кем дегенде үш адам зардап шекті деп хабарлайды zakon.kz.
Жол-көлік оқиғасы 5 қыркүйек күні түнде Іле жолы бойында 70 разъезге жетпей болған.
Жол апатына қатысушы Chevrolet Tracker жүргізушісінің сөзінше, ол Іле жолы бойымен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Оның артынан Toyota Windom көлігімен жарысқан Hyundai Accent қатты жылдамдықпен келе жатқан.
Chevrolet бұрылайын деп тоқтаған сәтте Windom-де тоқтап үлгерген, ал Hyundai жүргізушісі соққыдан қашпақ болып қарсы жолаққа шығып кеткен, дегенмен бәрібір Chevrolet Tracker көлігін соққан. Салдарынан Chevrolet айналып, аударылып қалған.
Қарсы жолаққа шыққан Hyundai Accent көлігі де айналып, қарама-қарсы бағытта келе жатқан Toyota Ipsum көлігіне соғылған.