Футбол көру үшін әйелін байлап, жертөлеге қамап тастаған
АҚШ-тың Вирджиния штатында 64 жастағы ер адам футбол матчын еш кедергісіз көру үшін әйелін жертөледегі орындыққа байлап қойған деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Оған адам ұрлау және тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылған.
Ричмонд қаласының тұрғыны Терри Ворд әйелінің қолын скотчпен байлап, оны үйдің жертөлесінде қалдырған. Ал өзі жоғарғы қабатқа көтеріліп, футбол матчын көрген. Әйелінің айтуынша, ол жертөледе шамамен 30–45 минут бойы байлаулы отырған.
Оқиға орнына полиция жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 23:30-да отбасындағы жанжал туралы хабардан кейін барған. Құқық қорғау органдары әйелдің екі қолынан іздер мен скотчтың таңбаларын байқаған. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Ворд әйелін орындыққа байлағанын мойындаған.
Ер адам қамауға алынып, оған адам ұрлау және тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген айыптар тағылды. Іс бойынша сот отырысы 10 қарашаға белгіленген.
Қаз
Рус






