ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ МҮГЕДЕК ЖАН НАРАЗЫЛЫҒЫН БІЛДІРУДЕ
Қызылордалық мүмкіндігі шектеулі жандардың жан-айқайын құзырлы орындардың құлағына жеткізіп жүрген 1 топ мүгедегі Зауре Уксимбаева облыстық, қалалық әкімдікті қоса алғанда жергілікті билік басындағыларға өз наразылығын білдіреді,-деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Бала күнінен арбаға танылған Зәуренің бүгінгі күні жергілікті биліктің табалдырығын тоздырғалы 3 жылдан асты. Мемлекеттің көмегіне зәру жандардың мұң-мұқтажын естір құлақ болмаған соң, шарасыздықтан Ресей, Түрік, АҚШ елдері президенттеріне 4 қазан күні ашық хат жолдаған болатын.
Қызылорда облысы бойынша 10 000-нан астам мүгедектер бар, соның ішінде 1 топ мүгедегі 1932 құрап отыр. Мемлекетіміз осы 1-топ мүгедек жандарының жүріп-тұруына күтуші қызметіне айына 41 578 теңге төлей отыра, бұл кісілердің ем-дом қабылдап, сауықтыру мекемелеріне баруы үшін күтушіні талап етпейді деп ойлағаны ма, ол кісілердің сауықтыру орындарына барып, тынығуына қараушыны қажетсіз деп танылып отырғандығы мәлім болды. Олай дейтініміз, мемлекетіміздің ұсынған заң аясында мүгедектерге арналған курорттық, шипа-жай орындарына қараушысы өз қаражатына баруына тура келеді екен. Мысалға мүгедек кісінің сауықтыруына ең азы 140 мың теңге бөлінсе, ал қараушысы тура осы сумманы өз қалтасынан шығаруы тиіс. Расымен, бір қолымен береген үкіметтің екінші қолы алаған болып-ақ тұр. Оның үстіне қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күні деп танылып, Павлодар, Петропавл, Семей, Қарағанды, Ақтөбе облыстары мүгедектер мерекесі қарсаңында біржолғы әлеуметтік көмек беріліпті. Ал, біздің Қызылордалық биліктің қозғалар түрі жоқ. Салы суға кеткен кемедей «сен тимесең, мен тименің» кейпін киіп отыр.
«Мен, барлық жерге жаздым да, айттым да. Нәтиже жоқ. Билік қозғалар емес. Біздің мемлекет өз қаражатынан инватаксиде әпере алмай отыр. Бізді тасымалдап отырған 3 көліктің барлығын жеке кәсіпкерлер сыйға тартты. Ол тасымалдаушы көлікке де алдын-ала кезекке тұрамыз 1 немесе 2 күн бұрын. Ол онда да алып барып тастаса әкелмейді, себебі науқас көп ал көлік жеткіліксіз. Аяқ асты біз бір жерге баруымыз керек болып қалсақ, ол тіпті қарастырылмаған. Бас аяғы 65 000 теңгені құрайтын зейнетақымыз жетпейді. Тұрғын-үй кезегі жылжымағандықтан, ипотекаға алған баспанама 52 000 теңге ай сайын төлем жасауым керек. Ал мемлекеттен түсетін қаржы сол, тұрақты жұмыспен қамтылуыма да мүмкіншілік жоқ. Бәріне вакцинация дейді, я болмаса мамандық сәйкес келмейді»,-деп қынжылды 1 топ мүгедегі Зауре Уксимбаева.
Барар жер, басар тауы қалмаған ерекше жанның өтініші де орынды. Мысалға Ресей де бала кезінен мүгедектігі үшін – 13 912,09 рубль, Түрік елдерінде – 2619,13 түрік лирасы, АҚШ -2 357 долларды құрап отыр. Ең төмеңгі төлем бізде ғана- 35 675 теңге. Біздің қара халық, өмір сүрудің орнына көмек сұрап жүргендігін қалап отырған билік басындағылар жауап беруден бастарын ала қашып отыр. Уксимбаеваның мәселесі бойынша, арнайы тиісті мекемелерге хабарласқанымызда: ««Қалалық тұрғын-үй инспекциясы» КММ басшылығының барлығы дерлік халық арасына кетіп қалыпты-мыс»,- дейді жауапты хатшысы Ақмарал. Ал, «Қалалық жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» басшысы Құракбаева Кенжегүл Кұрақбайқызынан беріліп жатқан жоспарлы көмек жайында ғана ақпарат берді.
«Біз заңға қайшы келе алмаймыз. Біздің мемлекеттік мерекелер күнтізбесінде арнайы мүгедектер күні қарастырылмаған. Басқа облыстар беріп жатқан жәрдемақы ол қалалық қордан берілуі мүмкін. Ал біздің қалада қолға алынбаған. Ал, 2013 жылы қабылданған №504 қаулы заңсыз деп табылып жатыр. Әр жыл сайын заңға өзгерістер еңгізіліп отырылады. Ал, біз заң аясында қызмет жасаймыз»,- деді Құракбаева Кенжегүл Кұрақбайқызы.
Қорыта келгенде мүмкіндігі шектеулі жандарды барынша шектеп жатырмыз. Себебі, шипа-жайларға жолдама алған 1 топ мүгедегі өз еркімен жуынып, тамқтануына және де аула ішінде қозғалуына қараушыны талап ететіні мәлім. Десек те, қараушы өз қаражатына бара алмағандықтан, Зауре Уксимбаева арнайы мекемелерден бас тартып отырғандығы да осыдан. Сонымен қатар, егер сіздің үкіметтен алған мүгедектік арбаңыз қолданыста жүріп 1-2 ай көлемінде сынып жатса жаңасын мемлекет тарапынан алу үшін келесі 7 жылды күтуіңізге тура келеді. Себебі өзінің арнайы мерзімі бар екен. Расында оқыс-оқиғаларға сау аяғымызбен жүріп-ақ қала көшелерінің сапасыздығынан аяқ-киімнің соры болып жатқанымызда, бұл кісілерге мін таға алмаймыз.
Осының бәрін біле тұра кезек күттіріп қоятын билікті қайтерсіз? Кешегі журналистерге берген мақаласынан кейін «Қызылорда қалалық әкімінің орынбасары Нұридинов Бектас Балғабайұлы тікелей ұялы телефоныма дамыл бермей үздіксіз хабарласуда»,- деді Зауре ханым. Расында басшылық болары болып, бояуы сіңген кезде әрекет етпей, мәселені көтеріп алдына барғанда қала әкімі Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы өз деңгейінде неге қарастырмаған? Мәселені ушықтырмай облыс не республика көлемінде қарастырмай, қара халықты қашанғы телміртіп, өзге елден көмек сұратып қоймақ?
Редактор,
Айгерім РАХЫМЖАНҚЫЗЫ