Жасанды интеллект қазақстандықтарды жұмыссыз қалдыруы мүмкін бе?

2 808

Фото:© iStockЖасанды интеллект еңбек нарығын өзгертеді, бірақ адамды алмастырмайды, -деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпараттық агенттігі.

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның айтуынша, жасанды интеллект тек бірсарынды және қайталанатын жұмыстарды автоматтандырады, ал жауапкершілік пен шешім қабылдау – адамның қолында қалады. 


«Жұмысқа қабылданатын – адам, ал жасанды интеллект оның кейбір функцияларын жеңілдетеді», – дейді депутат.

Ол жасанды интеллект мамандықтарды жоймай, тек трансформациялайтынын, сонымен қатар жаңа кәсіби бағыттардың пайда болуына мүмкіндік беретініне сенімді. Сондықтан кадрларды қайта даярлау жүйесін дамыту маңызды. Мысалы, заң саласында келісімшарттар әзірлеу немесе журналистикада жаңалықтар тізімін жасау – жасанды интеллекттің  қолынан келеді, бірақ шығармашылық пен маңызды шешімдер әрқашан адамға тиесілі. 


«Шығармашылық қабілеті жоғары адам еңбегін алмастыру қиын», – деп қорытындылады өз сөзін Смышляева.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.