"Қазақстанда зейнетақының орташа көлемі қандай?"

2 626

Zakon.kz/Максим Золотухин2023 жылдың басынан бері елімізде зейнетақы төлемдеріне жалпы 3,1 триллион теңгеден астам қаражат жұмсалды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі. 

Оның ішінде базалық зейнетақыға — 1 триллион 22,1 миллиард теңге, ал ынтымақты зейнетақыға — 2 триллион 136 миллиард теңге бағытталған.

2023 жылдың 1 қазанына дейінгі мәліметке сүйенсек, елімізде 2 миллион 510 мың зейнеткер бар. Осы кезеңде республикалық бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 810 теңгені құрады. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы — 95 249 теңге, ал базалық зейнетақы — 47 561 теңге. Бұл көрсеткіштер зейнеткерлердің тұрақты қолдауына бағытталған мемлекеттік саясаттың нақты нәтижесі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.