Шаруаларға агротуризммен айналысуға рұқсат берілмек

2 279

Фото: Мухтор Холдорбеков/KazinformҮкімет отырысында фермерлерге өз учаскелерінде агротуризммен айналысу құқығын беру мәселесі қаралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


"Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы туризмді дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді. Еліміздің барлық өңірі туризмді дамытуда үлкен әлеуетке ие. Алайда оны тежеп отырған бірқатар мәселе бар. Осыған байланысты саланы одан әрі дамыту мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізіліп жатыр. Тиісті заң жобасы Мәжілісте қаралып жатыр. Әкімдіктерге елді мекендерден тыс жерлерде, оның ішінде ұлттық парктер аумағында туристік инфрақұрылым салу бойынша заңнамалық өкілеттіктер беру. Бұл негізгі бастамалардың бірі. Аталған мәселе егжей-тегжейлі пысықталды.", - деді Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.