LRT бекеттері маңындағы тұрғын үйлер қымбаттауы мүмкін

2 504

Фото © Tengrinews.kz / Маржан ҚуандықоваЕлордада Astana LRT маңындағы тұрғын үйлер бағасы қымбаттауы мүмкін,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі kaz.tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Мен LRT-ны дамытып жатқан жерлерге (осындай көлігі бар қалаларға – ред. еск.) барғанымды айтқан болатынмын. Бұл экономика заңы – метро немесе LRT бар жерде жылжымайтын мүлік қымбаттайды. Қытайда бір компания бар: олар LRT-ны, шартты түрде айтқанда, далаға салады, содан кейін оның маңындағы жер учаскелерін сатады", - деп жауап берді АсылбекКомпания басшысының пікірінше, LRT-ның іске қосылуы елорданың ғана емес, бүкіл Қазақстанның имиджіне оң әсер етеді.

"Қаланың керемет көрінісі ашылатынына бүгін өздеріңіздің де көздеріңіз жетті. Бұл елордаға ғана емес, жалпы Қазақстанға оң әсер етеді. Біз осы аптада іске қосып жатқан мұндай жобаның елімізде барына мақтана аламыз деп есептеймін", - деп толықтырды Дүйсебаев.