Қызылорда облысында 5 мың гектар күріш алқабы қысқарды

283
Су үнемдеу шараларының аясында биыл Қызылорда облысында 5 мың гектар күріш алқабы қысқарды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратсайтына сілтеме жасап.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Үкімет отырысында осындай дерек келтірді.

 
«Алматы облысында су ресурстарының тапшылығын қысқарту мақсатында облыс әкімдігі ылғал сыйымды дақылдардың, оның ішінде Балқаш ауданында күріштің егістігін 1 мың гектарға азайтты. Облыстың барлық су қоймалары вегетациялық кезеңге бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істейді. Жамбыл облысында да, бұрын айтылғандай, мемлекетаралық пайдалану объектілеріне су беру кестелері бекітілді. Сондай-ақ, қазіргі уақытта облыс аумағында суару желілерін реконструкциялау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өту қажет. Суармалы су беру айналма каналдар арқылы жүзеге асырылуда», - деді ведомство басшысы.


Оның мәліметінше, Түркістан облысында биыл күріш алқабы 600 гектарға дейін қысқартылған.

«Қызылорда облысында күріш алқабы 78,3 мың гектарға дейін төмендеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 5 мың гектарға аз. Сондай-ақ, Үкімет резервінен ұңғымаларды жөндеу мен бұрғылауға, сорғы қондырғыларын сатып алуға 3,6 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді», - деді Серікқали Брекешев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.