Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы теміржол тасымалы 23 млн тоннаны құрады

362
Қазақ-өзбек арасындағы сауда көлемі 10 млрд долларға жетуі тиіс,- деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Қазір қос елге Орталық Азиядағы өңірлік сауданың 70% жуығы тиесілі. Биыл екіжақты сауда көлемі 3 млрд 200 миллион доллардан асқан. Бұл былтырғыдан 30 процентке көп. Елімізден көршілерге 2 млрд 400 миллионға жуық доллардың өнімі экспортталды. Әсіресе ауыл шаруашылығы, мұнай өңдеу, металлургия, автомобиль жасау өнімдері молынан сатылды. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин мен Өзбекстанның үкімет басшысы Абдулла Ариповтың бейне байлынысы барысында сөз болды. Биылғы жылдың 11 айында қос мемлекет арасындағы теміржол тасымалы шамамен 23 млн тоннаны құрады. Бүгінде екі ел шекарасында «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру жобасы пысықталып жатыр.