Қазақстанда жаңа 5 000 теңгелік банкноталар айналымға шықты

2 507

Фото: nationalbank.kzҚазақстанда жаңа дизайндағы 5 000 теңгелік банкноталар айналымға шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Қазақстан ұлттық банкі 2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап жаңа дизайндағы, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды.

“Бұл – "Сақ стилі" жаңа сериясының алғашқы банкнотасы. Ол дәстүрлі қазақ ою – өрнегінің бастаушысы болып саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін "Сақ стилі" элементтеріне негізделген”, – делінген ұлттық банк хабарламасында. 


Фото: nationalbank.kzСонымен қатар, ұлттық банк ескі 5 000 теңгелік банкноталардың айналымнан алынатынын атап өтті.

“Номиналы 5 000 теңге болатын жаңа банкноталар 2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап айналымға енеді және жыл бойы айналымдағы 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5 000 теңге болатын ұлттық валюта банкноталарымен ауыстырылады”, – делінген хабарламада.