Қызылорда облысының барлық тұтынушылары үшін газ бағасы 21% төмендеді

369
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық департаменттері табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін және қоғамдық маңызы бар нарықтардағы бағаларды мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұдан бұрын, 2021 жылғы 30 маусымда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті есептерді қарау нәтижесі бойынша, тауарлық газды газ таратушы құбырлар арқылы тасымалдау қызметіне 2021 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілуімен 1000 м3 үшін ҚҚС-сыз 3 320,45 теңге мөлшерінде уақытша өтемдік тариф бекіткен болатын.
Алайда, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда филиалы ТМРК-ның Қызылорда облысы бойынша департаментінің әрекеттерімен келіспей, аталған бұйрықты заңсыз деп тану туралы сотқа шағым түсірді.

Барлық сот талқылауларының нәтижесінде, Қызылорда облысы бойынша ТМРКД бұйрығы заңды деп танылды.
Нәтижесінде, Қызылорда облысы тұтынушыларының құқықтарын қорғау мақсатында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда филиалының сомасы 1,4 млрд. теңге негізсіз алынған кірісі тұтынушылардың барлық топтары үшін тарифті уақытша, оның ішінде, халық үшін тариф 1000 м3 үшін ҚҚС-сыз 16 492,52 теңгеден 13 043,49 теңгеге дейін 21% шамасында төмендеуімен 2022 жылғы 1 тамыздан бастап енгізумен бір жыл мерзімге төмендету арқылы қайтарылатын болады.
Комитет және оның аумақтық департаменттері тұрақты түрде тұтынушылар мүддесінің қорғалуын қамтамасыз ету және тұтынушылар мен субъектілер арасында мүдделер теңдігіне қол жеткізу бойынша жұмыстар жүргізіп отырады.

Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда, тұтынушылар өздерінің құқықтарын қорғау үшін Комитетке және оның аумақтық департаменттеріне жүгіне алады.