“Рақмет“ не “қайтардым“: мобильді аударымдағы түсініктеме салық тексерісіне әсер ете ме?

2 323

Фото:depositphotos.comМобильді аударым жасаған кезде "рақмет", "қайтардым" немесе "қарыз" сияқты түсініктемелерді көрсету қажет пе, бұл салық органдары тарапынан туындауы мүмкін сұрақтардан сақтануға көмектесе ме? Бұл сұраққа Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Салық кодексінің 24-бабына сәйкес, екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар ақпаратты белгіленген нысандар бойынша ұсынады және ақша аударымдарына қатысты түсініктемелер көрсетілмейді",- деп хабарлады ведомство өкілдері.

"Осыған байланысты мемлекеттік кірістер органдары ақша аударымдарына қатысты хабарламалар мен ескертулердің мазмұнына қол жеткізе алмайды және көрсетілген түсініктемелер салықтық тексеру жүргізу кезінде заңды мәнге ие емес", – делінген комитеттің ресми жауабында.

Осылайша, Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметіне, аударымға қандай да бір түсініктеменің бар-жоғы операциялардың салықтық бағалануына әсер етпейді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.