Елімізде ұн өндірісі 3,7%-ға өсті

2 160

Қазақстанда бір келі ұнның орташа бағасы 225 теңгені құрады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ұлттық статбюроға сілтеме жасап. 


2023 жылғы қаңтар-шілдеде елімізде 1,7 млн тонна ұн өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7% артық (2022 жылғы қаңтар-шілде – 1,6 млн тонна).


Импорт үлесіне ұнның 1,4% тиесілі, елге аталған өнімнің 24,2 мың тоннасы әкелінді. Импорт көлемі жеті айда 1,1% өсті. Биылғы қаңтар-шілде айларында экспортқа 1 млн тоннадан астам ұн жөнелтілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,7% артық.


Ішкі нарықта барлығы 716 мың тонна өнім сатылды, өткен жылмен салыстырғанда бұл 5,1% аз.


Естеріңізге сала кетейік, бірінші сұрыпты бидай ұнының бір келісінің орташа бағасы - 225 теңге.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.