Қазақстандықтардың банктерге қарызы 26 трлн теңгеден асқан

2 506

Фото: Opennews.kz ЖИҚазақстан халқының банктерге қарызы қазіргі уақытта 26 трлн теңгеден асты,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2026 жылғы шілдеде қазақстандықтардың банктердегі жалпы несие қарызы 1,2%-ға өсіп, 26,1 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан бері халыққа берілген несиелер көлемі 5,5%-ға артқан.

Оның ішінде тұтынушылық несиелердің көлемі 0,7%-ға өсіп, 17,4 трлн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш жыл басынан бері 4,6%-ға артқан. Ал ипотекалық қарыз көлемі шілдеде 2,4%-ға өсіп, 7,6 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан бері ипотекалық қарыз 9,7%-ға көбейген.

«Несие алу да қымбаттай түскен. Маусым айында халыққа теңгемен берілген несиелердің орташа мөлшерлемесі 19,5% болса, шілдеде 20,3%-ға жетті. Ал тұтынушылық несие бойынша мөлшерлеме 22,5%-ға дейін өсті. Сонымен қатар 1 тамыздағы жағдай бойынша халықтың мерзімі өтіп кеткен несиелері 1,2 трлн теңгені құрады. Бұл барлық халық несиелерінің 4,7%-ына тең. Дегенмен бұл көрсеткіш бір айда 0,1 пайыздық тармаққа төмендеген», – делінген агенттік хабарламасында.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.