Шекарасына қарай облыстардың бюджеті қысқаруы мүмкін

515
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қайта құрылымдалатын облыстардың бюджеті қысқаратынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

«Бәрі облыстардың шекарасы қандай болатынына байланысты. Жаңа облыстардағы мемлекеттік қызметкерлердің саны қанша болады, қандай аудандар болады деген сияқты. Бюджет екі есе қысқармайды енді. Бірақ қысқаратыны анық. Өйткені бюджет пен штат саны қайта бөлінеді. Жалпақтап айтсақ, жаңа облысқа штаттың 30 немесе 40 пайызы кетуі мүмкін. Мысалы, мемлекеттік қызметшілердің 30 немесе 40 пайызы Ұлытау облысына кетсе, бюджет те сонша мөлшерде қайта бағытталады. Әрине қазіргі бюджеттің ішіне бәрін сыйғызса, қисынға сай болар еді. Бірақ қосымша шығындар қажет болатын шығар»,-деді Ұлттық экномика министрі

Оның айтуынша, жаңа облыстардың пайда болуы мемлекеттік қзыметшілердің санын соншалық көбейтпейді.

 «Мемлекеттік қызметшілер саны еселеп өсепейтіні анық. Әзірге қазір бар штаттар аясында ұйымдастырылады. Мысалы, 30-40% артуы мүмкін дедім ғой. Бірақ жетпей жатса, қосымша қарастырамыз. Өйткені тек әкімдік қызметкерлері ғана емес, аумақтық бөлімшелерін ұстайтын орталық меморган өкілдері де бар. Мысалы, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі комитеті бар. Мұндай комитеттер көп. Олардың аумақтық бөлімшелері бар. Оларды да бөлу керек болады. Өйткені жаңа өңірлер мен аудандарға өз мемлекеттік кірістер, қазынашылық сияқты бағыты бойынша өз органдары болуы керек. Яғни бұл өте кешенді мәселе», - деді министр.