Еліміздің сыртқы қарызы 1,7%-ға төмендеді

446

Қазақстаннның сыртқы қарызы 1,7%-ға төмендеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ЕАЭО бойынша сыртқы қарыз 3,1 миллиард долларға төмендеді. Еуразиялық экономикалық комиссиясы ЕАЭО-да сыртқы қарыз Беларусь пен Қырғызстанда өскенін хабарлады.


2021 жылы сыртқы қарыз мөлшері Арменияда 0,9%-ға, Қазақстанда 1,7%-ға және Ресейде 0,5%-ға төмендеді. Басқа мүше мемлекеттерде керісінше өсті: Беларуссияда 4,3%, Қырғызстанда 2,7%.


Қарыз құрылымында Арменияда мемлекеттік басқару органдарының секторы бойынша, Қазақстанда фирмааралық кредиттеу бойынша ең көп төмендегені байқалды.


ЕАЭО-ның барлық елдерінде сыртқы қарыз ЖІӨ-ге пайызбен шаққанда азайды.


Сыртқы қарызды халықаралық резервтермен жабу тек Ресейде қамтамасыз етілген. Ол 124,1%-ға тең. Басқа мүше мемлекеттерде бұл көрсеткіш 17%-дан 28%-ға дейін болды.


2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша сыртқы қарызды халықаралық резервтермен жабу көрсеткіші тек Арменияда өсті.