Қазақстандық банктер үндеу жасады

421
Kaspi.kz, "Сбербанк", Halyk Bank, Нұрбанк, ВТБ Банкі (Қазақстан), ForteBank, Jýsan Bank, AltynBank, Хоум Кредит Банкі, Еуразия банкі және "Альфа-Банк Қазақстан" алаяқтардың шабуылы жиілеп кетуіге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады 
Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған хатта алаяқтықтардың бірнеше әдісі келтірілген. 
Мысалы "Алаяқтар хабарласып, өзін банк қызметкері деп таныстырады және олар күдікті операция орындалып жатқанын айтып рөлге енеді.Клиент шотынан ақша аудару үшін деректерді сұрап алуға кіріседі. Мәселен, жеке кабинетте құпиясөзді ауыстыруды, жаңа құпиясөз бен SMS-хабарлама арқылы келген құпия кодты айтуды сұрайды", – дейді мамандар. 
Банк қызметкерлерінің мәліметінше, сол деректерді пайдаланып, алаяқтар клиент шотындағы ақшаны аударып алады немесе оның атынан ақшалай кредит рәсімдейді.
 Хабарласып, клиент шотынан ақша ұрлануы мүмкін екенін, шұғыл "сақтандыру агентіне", "сақтандыру ұяшығына" ақша аудару қажет екенін айтады. Олар әртүрлі оқиға ойлап табуы мүмкін, бастысы клиент олар көрсеткен шотқа ақша аударғанын күтеді екен.