Қазақстанда доллар арзандады

425
Елімізде өткен жұмадан бастап америкалық валютаның құны 1-2 теңгеге төмендеді. 

демалыс күндері қарсаңында доллар орташа есеппен 428-429 теңгеге сатылды. Апта ішінде қор биржасында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы аздап төмендеген. 


Бүгін Алматыда америкалық валютаны 427,2-428,1 теңгеге сатып алуға болады. Нұр-Сұлтанда оның бағасы 427-428 теңгені құрайды. Шымкентте – 427-427,5 теңге. 


Талдықорғанда доллар 427,7 теңгеден сатылып жатыр. Қостанай мен Ақтөбе тұрғындары оны 428 теңгеден сатып ала алады. Атырауда доллар құны 427,9 теңгені құрайды. Риддерде – 428,5 теңге. Таразда – 429 теңге.