ҚР Еңбек министрлігінде орташа зейнетақы мөлшері туралы айтылды

338
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 704,9 млрд теңгеден астам зейнетақы төленді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі  Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

"1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 704,9 млрд теңгеден астам зейнетақы төленді. 2022 жылдың наурыз айында зейнетақы төлемдеріне республикалық бюджеттен 234,8 миллиард теңгеден астам бөлінді, оның 71,4 миллиард теңгесі базалық зейнетақыға, 163,4 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленді" , - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствода атап өткендей, 2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша зейнеткерлердің саны 2 млн 245,6 мыңнан астам адамды құрайды.

"Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін қоса алғанда) 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 105 344 теңгені құрады"
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.