Елімізге шетелдік инвестициялардың ағыны 28 млрд долларды құрады

1 413

Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 28 млрд долларды құрады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 



Бұл 2021 жылдың қорытындысымен салыстырғанда (23,8 млрд доллар) 17,7%-ға артқан. Ал, соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш – 2012 жылы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі $28,9 млрд болған.


Республикаға тартылған инвестициялар көлемі бойынша көш бастап тұрған елдер:

Нидерланды – $8,33 млрд (өсім – 19,7%),

АҚШ – $5,1 млрд (+81,9%),

Швейцария – $2,8 млрд (+2,4%),

Бельгия – $1,56 млрд (+46%),

Ресей – $1,52 млрд (-19,7%),

Оңтүстік Корея – $1,48 млрд (+84,8%),

Қытай – $1,43 млрд (-22,5%),

Франция – $770,2 млн (+27,4%),

Ұлыбритания – $661 млн (-35,7%) және Германия – $469,5 млн (+45,4%)


Инвестициялар ең көп тартылған салалар:

тау-кен өнеркәсібі – $12,1 млрд (+25%),

өңдеу өнеркәсібі – $5,6 млрд (+3%),

көтерме және бөлшек сауда – $5,08 млрд (+36%),

кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – $1,1 млрд (өсім – 2,1 есе),

көлік және қоймалау – $1,1 млрд (+14%),

құрылыс – $698 млн (-3%),

қаржылық және сақтандыру қызметі – $650 млн (-60%),

электрмен жабдықтау және газ беру – $635,6 млн (өсім – 2,8 есе) және т.б.



Өңірлер арасында шетелдік капиталды тартуда аса белсенділік танытып отырған өңірлер:

Атырау облысы – $8,2 млрд (+48%),

Алматы – $7,57 млрд (+11%),

Астана – $2,25 млрд (өсім – 2 есе),

ШҚО – $2,2 млрд (+3%),

БҚО – $1,12 млрд (+7%),

Алматы облысы – $698,2 млн (+47%),

Ақмола облысы – $376,3 млн (өсім – 6,3 есе),

Қызылорда облысы – $336,5 млн (+36%),

СҚО – $105,7 млн (өсім – 3 есе) және Жамбыл облысы – $62 млн (өсім – 3 есе).