Жұмыспен қамтылғандар саны артқанымен, жұмыссыздық та көбейді

2 529

Фото: vse-kursy.comЖұмыссыздық деңгейі қанша пайызға өскені анықталды. Ұлттық статистика бюросы еліміздің еңбек нарығындағы жағдай туралы мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы III тоқсанда Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз болған. 15-34 жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 3 пайыз.

Биыл III тоқсанда экономиканың әртүрлі салаларында 9 330,1 мың адам жұмыспен қамтылған, олардың 7155,4 мыңы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,7 пайыз) жалдамалы қызметкер болса, 2 174,7 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 23,3 пайыз) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі – 64,8 пайыз.

Өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар 96,3 мың адамға өскен (негізінен жалдамалы қызметкерлердің есебінен).

Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (17,0 пайыз), білім беру (13,1 пайыз), өнеркәсіп (12,3 пайыз) және ауыл шаруашылығы (10,8 пайыз) салаларында байқалған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.