5 түрлі азық-түліктің бағасы төмендеді
Сауда және интеграция министрлігінің 19 мамырдағы дерегіне сәйкес, әлеуметтік маңызы бар 5 тауардың бағасы төмендеген,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Маусымаралық кезеңде азық-түлік бағасын тұрақтандыру тетігіне сай, қырыққабат — 5,3%-ға, жұмыртқа — 0,6%-ға, күріш пен картоп — 0,2%-ға, сүзбе — 0,1%-ға төмендеді. 6 тауар бойынша баға өзгеріссіз қалды. Сәбіз, пияз, күнбағыс майы, сүт, сиыр және сары май, тұз бен қантта аздаған қымбаттау тіркелді. Жалпы апталық өсім — 0,2%.
Бұл өзгерістер маусымаралық кезеңмен байланысты: былтырғы өнім аяқталып, ерте өнімдер нарыққа шығуда. Бұл бағаның тұрақталуына әсер етеді деп күтіледі.







