Қызылорда азаматы африкалық жайын балығын өсіріп, Қытайға экспорттауда
2 490
Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны Мейрамбек Қалиев африкалық жайын балығын өсіріп, шетелге шығаруда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
- Тың кәсіпті қалай бастадыңыз? Африкалық жайын балықты қайдан алдыңыз?
- Жайынның аталған тұқымын Өзбекстаннан алдырдық. Көрші мемлекетте тоғанды балық шаруашылығы өте жақсы дамыған. Жайын ол жақтан шабақ кезінде алдыртылады. Балық Афpикaдa, Сaxapa cу қoймaлapын қoca aлғaндa, Иopдaн өзeнінің бacceйніндe, Оңтүcтік жәнe Оңтүcтік-Шығыc Азиядa кeздeceді. Африкадан басқа, оңтүстік және оңтүстік-шығыс Азиядағы өзен-көлдерде тіршілік етеді деген мәлімет бар. Африкалық сомның оңтайлы тіршілік ету ортасы pH 6,5–8,0 және температурасы 25-30 °C болатын су болып табылады, бірақ ол 12-18 °C температурасын жақсы ұстап, температураның құбылуына төзімді, суда тұздың деңгейін 10 промиллге дейін көтереді. Дене пішіні сұр сом мен безеуге ұқсайды. Балықтардың ұзындығы 5-тен 260 мс-ге дейінгі электр сигналдарын жасайды, 4 жұп "құлақ", еуропалық сом сияқты тістері бар. Қабыршақтар жоқ, терінің түсі судың түсіне байланысты, әдетте сұр-жасыл түсті мәрмәр тәріздес болып келеді.
- Аталған кәсіпті қай кезден бастадыңыздар?
- Өткен жылдың тамыз айында ауданға қарасты Бидайкөл ауылындағы үй ауласына орналасқан арнайы қауызға 2500 жайын шабағын алып келдік. Содан бері балық өсіруді қолға алдық. Жергілікті тұрғындарға бұл балық таңсық. Ал өсірем деушілерге көл-көсір табыс. Өйткені, жыртқыш балық санатына келетін жайын тым тез салмақ жинайды. Күтімі мен бағуы дұрыс болса, алдағы жаз мезгілінің соңына дейін әр шабағы 3 келі болады. Сол кезден бастап Қытайға экспортталады.
- Африкалық балық жергілікті климатқа жерсініп кетті ме?
- Айта кетсек, ол суыққа төзімсіз. Шабақтарды 22-28 градус аралығындағы жылы температурада ұстаймыз. Оны Сыр бойында жерсіндіру тиімсіз. Одан да көктем басы мен жаз соңына дейін бағып, сырт елдерге экспорттаған жөн деген ойдамын. Ол суық суда қырылып қалады. Өзбекстанда ауа райы жылы ғой. Сондықтан ол жақта көптеп өсіріледі.
- Алдағы уақытқа жоспарыңыз қандай?
- Алдағы сәуір айында 30 мың шабақ әкелсем деген ойдамын. Тапсырыс беріп қойдым. Ауыл әкімдігімен келісе отырып, шағын тоған шаруашылығын құрмақпыз. Келген шабақтар күзге дейін сонда өсіріледі. Негізінен африкалық жайын бассейннен гөрі, батпақты су қоймаларында тез өседі. Ал арнайы балық жемін Алматы қаласынан алдырамыз. Салмағы үш келіге жеткен соң экспортқа шығарылады. Алдағы уақытта балық шаруашылығымен айналысуға ниеті бар азаматтарға африкалық жайынның шабақтарын сатуға дайынбыз.
Тоған шаруашылығы құрылған соң жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту ойластырылып отыр. Сондай-ақ өзбекстандық әріптестермен арнайы келісімшарт негізінде уылдырық шайқау цехын іске қосу жоспарлануда. Цех жұмысы басталса, африкалық жайыннан бөлек, басқа балық түрлерін өсіру қолға алынады.
- Елімізде балық өнімдерін тұтыну деңгейі қандай?
- Сала мамандарының айтуынша, біздің елде балық тағамдарын тұтыну өте төмен. Мысалы, бір адам жылына 4,5 келі балық жеу керек болса, бүгінде әрбір қазақстандық жарты келі төңірегінде ғана балық өнімдерін тұтынады екен.
Үкімет балық шаруашылығын дамытудың 2020-2030 жылдарға арналған арнайы бағдарламасын қабылдағаны белгілі. Осыған байланысты Қызылорда облысында да осы жылдарға қатысты өңірлік бағдарлама әзірленіп, облыс әкімдігінің 2020 жылдың 30 қазанындағы №127 қаулысымен бекітілді.
Бағдарламаға сәйкес, өңірде 2020-2030 жылдары, яғни 10 жыл ішінде 16 шарбақтық және 12 тоған шаруашылығы құрылып, 3 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғысы (қауыз) іске қосылуы тиіс. Сондай-ақ тауарлы балық өсіру шаруашылықтарының санын 55-ке жеткізу жоспарланған.
- Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы берген мәліметке сүйенсек, бүгінде облыста 1 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғысы іске қосылып, 6 тоған шаруашылығы жұмысын бастаған. Бұдан бөлек, 70-тен аса көл-тауарлы балық шаруашылығы бар. Тоған шаруашылығын дамытуға байланысты ойыңыз қандай?
- Тоған шаруашылығын дамытудың маңызы зор. Бұл балықты өсіру ісін дамытуға үлкен септігін тигізеді.
- Әлемдегі балық шаруашылығына байланысты бірқатар деректерге көз жүгірткен едім. Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ААҰ) мәліметтеріне сәйкес, 2005 жылы әлемдік жиынның 93 ,3 миллион тоннасы жабайы балықтың коммерциялық аулауынан тұрса, 48 ,1 миллион тоннасы балық фермалары өндірген екен. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша ауланатын балық пен өндірілетін теңіз өнімдері жылына 100 млн тоннаға жетіп отыр. Оның оннан тоғызы теңіздер мен мұхиттардан, ал қалған бөлігі тұщы сулардан ауланады. Балық өнімдеріне сұраныстың артуына қандай жағдайлар себепші болып отыр?
- Менің ойымша, балықтың және басқа теңіз өнімдерінің маңыздылығы олардың құрамындағы жануарлар нәруызының (белок) мөлшері мал мен құс етінен кем түспейтіндігіне байланысты. Сондықтан қазіргі таңда дүниежүзілік су айдындарында 20-30 мыңға дейінгі ірілі-ұсақты балық және басқа да теңіз өнімдерін аулайтын кемелер бар. Олардың басым көпшілігі ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерімен жабдықталған. Балық аулаудан бастап, дайын өнімдер шығаруға дейінгі (әртүрлі консервілер дайындау, кептірілген балық және т.б.) іс-әрекеттерді толық жүзеге асырады.
Әлем бойынша балық өнімдерін шығарудан алда келе жатқан елдер қатарына Қытай (Гонконг және Тайваньды қоспағанда), Перу, Жапония, Америка Құрама Штаттары, Чили, Индонезия, Ресей, Үндістан, Таиланд, Норвегия және Исландия жатады. Жоғарыда айтылған елдер әлемдегі өндірістің жартысынан көбін өндірсе, Қытай елі жалғыз әлемдік өндірістің үштен бірін құрайды.