Полициядан қашқан көлік жол апатына түсіп, жасөспірім көз жұмды

1 521

Фото: ©Tengrinews.kz/ Тұрар ҚазанғаповТаразда адам өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысы Полиция департаменті мәліметінше, патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған Audi маркалы көлікті тоқтатпақ болған. Алайда жүргізуші заңды талапқа бағынбай, қашып кетуге әрекет жасаған. Ол жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, өзге азаматтардың өміріне қауіп төндірген.


"Қашу барысында жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, электр желісінің бетон бағанына соғылған. Жол апаты салдарынан жолаушылардың бірі оқиға орнында қайтыс болды. Көлік тізгінінде көлік басқару құқығы жоқ 15 жастағы жасөспірім отырғаны анықталды. Кәмелетке толмаған жасөспірім ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық іс аясында көлік иесінің әрекетіне де құқықтық баға берілмек. Жасөспірімнің ата-анасы баланы тәрбиелеу және бақылау міндетін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.